2021-2022 оқу жылындағы ақпараттандыру бойынша есеп
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», жолдауда көрсетілген он бағыттың, бірінші бағытында қарастырылған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру мекемелерінде жұмыстар атқарылып келеді.
Текелі қаласында 8 жалпы орта білім беру мекемелері бар, оның ішінде Рудничный ауылында 1 шағын жинақталған мектеп орналасқан.
Жалпы орта білім беру мекемелерінде 1985 компьютерлік техника, оның ішінде 1201 компьютер мен 784 ноутбук бар. Оның ішінде істен шыққан компьютерлік техника саны -200 дана.
2021-2022 оқу жылында 50 компьютерге қаражат бөлініп, сатып алынды: №1 ОМ – 10 дана, №3 ОМ – 15 дана, №5 ОМ – 15 дана, №8 ОМ -10 дана.
1 компьютерге келетін оқушылар саны 2020-2021 оқу жылы - 9,3 оқушыны құраса, 2021-2022 оқу жылында – 2,75 оқушыны құрайды.
Текелі қаласының 8 жалпы орта білім беру мекемелері кең жолақты интернет желісіне 100 пайыз қосылған.
Республикалық «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін кеңжолақты интернетпен қолжетімді қамтамасыз ету» жобасы аясында Рудничный ауылындағы «№7 ОМ МДШО» КММ-не қосымша 10 мбит/сек интернет жылдамдығы қосылған, 2032 жылға дейін жүзеге асады.
2020 жылы облыстық қаражат есебінен №2 ОМ-ке лингофонды мультимедиалық кабинет (ЛМК), №3 ОМ-ке ІТ- кабинеті, №4 ОМ-ке биология мен ІТ-кабинеті, №7 ОМ-ке физика кабинеті сатып алынды.
№6 орта мектепте 2020-2021 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сол қаражат есебінен жаңа модификациялы физика, биология, география, ЛМК, ІТ, АӘД, орыс тілі кабинеттері орнатылды.
№8 орта мектебі 2020 жылы мемлекеттік грант ұтып алып, мектепке физика, химия, биология, ЛМК кабинеттері берілді.
Жалпы орта білім беру мекемелерінде 7 лингофонды мультимедиалық кабинет (ЛМК), 8 физика кабинеті, 6 химия кабинеті, 9 биология кабинеті, 20 интерактивті тақтасы бар универсалды кабинет, 10 интерактивті тақтасы бар информатика кабинеті, 1 жаңа модификацияланған география кабинеті мен 6 IT-кабинеті жұмыс істеп тұр.
Қала бойынша білім беру мекемелерінде жалпы 67 интерактивті тақта орнатылған пән кабинеттері бар.
2021 жылы облыстық қаражат есебінен шағын жинақталған мектептерге №2 орта мектепке Stem кабинеті және №7 орта мектепке химия кабинеті сатып алынды.
«Күнделік» электрондық жүйесіне барлық 8 білім беру мекемелері тіркелген.
Kundelik.kz жүйесі тек электрондық журналға баға қою үшін емес, сонымен қатар ата-аналар мен мектеп арасындағы кері байланысты нығайту қызметін атқарады, ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығының өлшемі болып танылады, себебі әр ата-ана баласының оқу үлгерімін қадағалауына болады. Ата - аналар әрбір баланың жеке оқыту траекториясын бақылап, білім сапасының жақсаруын және меңгеруін қадағалап отырады. Әр жексенбі Kundelik.kz жүйесінде мониторинг жасалынып отырады.