Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар туралы мәлімет
Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде — қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп, соқтырып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі» 2016 жылы бекітілді.
Осы модельді негізе ала отырып, біздің қалалық білім бөлімі өз жұмысын жүйелі іске асырып келеді.
Текелі қалалық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде қажеттілікті талап ететін балаларға барынша жағдай жасалуда.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді талап ететін балалар саны 61 оқушы, ал мектепке дейінгі орталықтарда 25 бала тәрбиеленіп отыр.
Үйден оқыту бойыша 18 бала жалпы білім беру бағдарламасы бойынша, ал 21 бала қосымша білім беру бағдарламасы аясында оқытылып отыр.
Былтырғы есеп бойынша жалпы білім беретін мектептерде 5 бала айырмашылық бар:
3 оқушы 9 сыныпты бітіріп, колледжде білім алып жатыр.
1 оқушы «Мүмкіндігі шектектеулі балаларға арналған арнайы мектепке» ауыстырылған.
1 оқушы Талдықорған қаласына көшіп кеткен.